Тараптар қарулы күштерге арнап жалпы техникалық кәсіптер бойынша маман дайындау жүйесін жетілдіру, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту, жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды өзара үйлестіруге келісті.
«Өз басым Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының шеңберінде қол қойылған әскери-техникалық ынтымақтастық туралы және әскери мамандарды жеңілдетілген шартпен дайындап беру туралы келісімдердің спорттық-техникалық қорғаныс ұйымдарына да ықпалы жүруін қалар едім. Ұйымға мүше елдер біртұтас әскери топтар мен оларды басқарудың біртұтас жүйесін құрған екенбіз, лаңкестік және есірткі тасымалымен бірлесе күреседі екенбіз, онда біз мамандар дайындаудың біртұтас жүйесін де құруымыз қажет»,- деді Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа.
«Ресейдің спорттық-техникалық қорғаныс ұйымымен өзара ықпалдастық Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы алға қойған жарғылық мақсат-міндеттерге, атап айтсақ, қазіргі заманғы қауіп-қавтерлермен күрес және ұйымға мүше-елдердің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетіне сай келеді»,- деді Н.Бордюжа.
Хаттамаға қол қою рәсіміне қатысқан Армения,Әзербайжан, Беларусь және Қазақстан қорғаныс ұйымдарының жетекшілері хаттаманы бір дауыстан қолдап, өзара ықпалдастық аясын кеңейту қажеттігіне тоқталды. Өз кезегінде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің өкілдері ұйым шеңберінде спорттық-техникалық ұйым жетекшілерінің үйлестіру комитетін құру туралы бастама көтерді.