Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісімге мүше елдер ұйымының Ұжымдық шұғыл әрекет етуші күштерінің "Рубеж-2004" оқу-жаттығулары тамыз айының басында Қырғызстанда өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісімге мүше елдер ұйымының  Ұжымдық шұғыл әрекет етуші күштерінің "Рубеж-2004" оқу-жаттығулары тамыз айының басында Қырғызстанда өткізіледі

Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісімге мүше елдер ұйымының Ұжымдық шұғыл әрекет етуші күштерінің "Рубеж-2004" оқу-жаттығулары тамыз айының басында Қырғызстанда өткізіледі

Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісімге мүше елдер ұйымының Ұжымдық шұғыл әрекет етуші күштерінің "Рубеж-2004" тактикалық оқу-жаттығулары тамыз айының басында Қырғызстанда өткізіледі. Оқу-жаттығуларға Тәжікстан қарулы күштерінің десанттық-шабуылдау батальоны қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Тәжікстан Республикасы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Сәуiр 2004
  • 453
Фото - Caravan.kz

Тактикалық оқу-жаттығулар тамыз айының екінші онкүндігінде өткізіледі деп жоспарланған. Оған Қазақстан, Ресей және Қырғызстан қарулы күштері қатысады.

Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісімге мүше елдер қорғаныс министрлерінің маусым айына белгіленген кеңесі ұйымға мүше елдердің мемлекет басшыларына бірлескен тактикалық оқу-жаттығулардың жоспарын талқылауға ұсынады.
Баспасөз орталығының ақпараты бойынша, оқу-жаттығулардың басты мақсаты — қазіргі әскери-саяси ахуалда лаңкестікке қарсы күрес мәселесі бойынша өзара ықпалдастықты дамытып, етене жақын байланыс орнату болмақ.

Соңғы жаңалықтар