Ұзынағаштағы атыс: әкімдік видеоға қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұзынағаштағы атыс: әкімдік видеоға қатысты пікір білдірді

Ұзынағаштағы атыс: әкімдік видеоға қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде Ұзынағаш ауылындағы атыстың видеосы жарияланды.

  • 25 Қыркүйек
  • 27
Фото - Caravan.kz

Алматы облысының әкімдігі видеоға түсіп қалған атыс оқиғасын түсіндірді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

https://www.tiktok.com/embed/v2/7418103950114639109?lang=ru-RU&referrer=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fevents%2Fuzyinagashtagyi-atyis-akmdk-videoga-katyistyi-pkr-bldrd-362596%2F

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова Tengrinews.kz тілшісіне, 2024 жылғы 16-25 қыркүйек аралығында Жамбыл ауданында әскери міндеттілерді даярлау және қайта даярлау бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілетінін хабарлады.

Оқу-жаттығулар «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы» Заңның және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның, Алматы облысы әкімдігінің және аумақтық қорғаныс бригадасының жұмылдыру дайындығы жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарының, сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің қаулысының негізінде ұйымдастырылған.

«Оқу-жаттығуларға Алматы облысы Жамбыл ауданы аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасында, батальон басқармасында және аумақтық қорғаныс батальонының күзет ротасында тіркелген әскери міндеттілер қатысады. Оларға барлығы 90 адам жұмылдырылды», — деді Жанна Арынбекова.

Жаттығулар жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Жаттығулар әскери дайындық шараларын қамтиды.