Вагонда жарылғыш зат орнатылғаны жөніндегі ақпаратқа байланысты Қызылорда-Көкшетау поезының жолаушылары басқа жаққа көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вагонда жарылғыш зат орнатылғаны жөніндегі ақпаратқа байланысты Қызылорда-Көкшетау поезының жолаушылары басқа жаққа көшірілді

Вагонда жарылғыш зат орнатылғаны жөніндегі ақпаратқа байланысты Қызылорда-Көкшетау поезының жолаушылары басқа жаққа көшірілді

13-ақпанда түнгі 00 сағат 12 минутта облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының оперативті кезекшісіне Алматының көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІБ-ның оперативті кезекшісінен Қызылорда -Көкшетау бағытындағы №55 жолаушы тасымалдаушы поезының №3 вагонында жарылғыш зат орнатылғандығы туралы ақпарат келіп түскен. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Ақпан 2004
  • 603
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, бұл кезде отарба Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр ауылындағы теміржол бекетінде тұрған. Поезд жолдың тұйықталымына жеткізіліп, составтан бөліп алынған №3 вагон 1500 метр қашықтыққа апарылып, қоршауға алынды. Жолаушылар теміржол бекетінің ғимаратына орналастырылып, таңертеңгі сағат 05.55-ке дейін сол жерден өткен отарбаларға отырғызылды.

05.15-те Ағадыр станциясына құрама оперативтік топ жетіп, составты тексере бастады. Тексеру шаралары 7 сағат 30 минутта аяқталып, жарылғыш зат табылмады.

Соңғы жаңалықтар