Вагондардың тапшылығынан Алматы - Симферополь және Астана - Адлер мемлекетаралық рейстер тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вагондардың тапшылығынан Алматы - Симферополь және Астана - Адлер мемлекетаралық рейстер тоқтатылды

Вагондардың тапшылығынан Алматы - Симферополь және Астана - Адлер мемлекетаралық рейстер тоқтатылды

Алматы. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Вагондардың тапшылығынан 25 мамырдан бастап Алматы - Симферополь және Астана - Адлер мемлекетаралық рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды агенттік "Жолаушы тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 26 Мамыр 2008
  • 422
Фото - Caravan.kz

» 25 мамырдан бастап Алматы — Симферополь және Астана — Адлер бағытымен жүретін поездар қозғалысы тоқтатылды. Бұл бағыттар жолаушы вагондары паркінің тапшылығы салдарынан тоқтатылды», -деп хабарлайды ақпарат көзі.

«Жолаушы тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлағанындай, сонымен бірге жазда Қазақстан аумағы арқылы өтетін жаңа мемлекетаралық бағыттар ашылады. Олар Астана-Үрімжі, Бішкек-Уфа (қырғызстан теміржолына қарасты ), Ташкент-Санкт -Петербург және Ташкент-Екатеринбург (өзбек теміржолына қарасты екі құрам).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті