Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов бостандыққа шығуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 524.66
  • 550.21
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов бостандыққа шығуы мүмкін

Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов бостандыққа шығуы мүмкін

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасын жеңілдетуді сұрады. Олар сотқа өтініш тапсырған.

  • 17 Желтоқсан
  • 5
instagram.com/make_sakevich

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәліметті растап, материалдардың аудандық сотқа қарауға түскенін хабарлады.

«Түрксіб аудандық сотына жаза түрін ауыстыру (ЖТА) бойынша материал келіп түсті. Өтінішті қарау жақын арада өтеді», — деп жауап берді соттың баспасөз қызметі редакция сұрауына.

Еске салайық, 2023 жылдың маусымында Төребаев пен Шерниязов қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оған басшылық жасау бойынша кінәлі деп танылған болатын. Олардың әрқайсына бес жылдан жаза тағайындалды. Бұл іс бойынша басқа фигуранттар 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын.