Жарияланды: 30

Вакцина оңтайлы нәтиже берді - депутат

Вакцина оңтайлы нәтиже берді - депутат

ҚР Парламентінің депутаты Зәуреш Аманжолова «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасында вакциналауға қатысты өзгерістер бойынша пікір білдірді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Көптеген пікірлер айтылғанын білесіздер, өзінің маңыздылығы бойынша Кодекстің тиісті дәрежесі бар. Осы орайда бұл мәселеге назар аударып, талқылауға қатысқандарға алғысымды айтамын», - деді депутат Қазақстандағы міндетті екпе мәселесін талқылауға арналған онлайн конференцияда.

Оның атап өтуінше, вакцина елімізде өте жақсы нәтиже берді. Осы орайда бірнеше ауруларды жоюға мүмкін болды.

«Кодексті талқылау барысында үш мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Салыстырмалы кестеде 1,5 мыңға жуығын қарадық және 717 түзету мақұлданды. Бұл өз кезегінде ең ауқымды заң жобаларының бірі болды. Белсенді қатысқан адамдардың арқасында осы құжатқа көптеген өзгертулер енгізілді», - деді депутат.

Осы орайда ол Кодексте екпелер міндетті және ерікті болып жіктелгенін еске салды.

«Біз осыны заңнамалық деңгейде бөлдік. Шын мәнінде тізімді өкілетті орган бекітеді. Қоғамдағы резонансты тыңғылықты зерттедік. Негізгі себептің бірі - екпе сапасына қатысты. Заң жобасында өндірушілерге байланысты жазалаудың қатаң шараларын қарастырдық. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, толықтай жауап береді. Сонымен қатар, вакцинаны тасымалдау, сақтау, сондай-ақ екпе жасау кезіндегі медициналық персоналдың жауапкершілігі ескерілген», - деді З. Аманжолова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін