Вакциналау туралы электронды паспортқа QR-код енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вакциналау туралы электронды паспортқа QR-код енгізіледі

Вакциналау туралы электронды паспортқа QR-код енгізіледі

Қазақстандағы вакциналау туралы электронды паспортқа QR-код енгізіледі.

  • 1 Шiлде 2021
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Шекарадан өтерде, мысалы Қырғызстанмен шекарада көптеген адамдар вакциналау паспортын көрсетеді және олардан QR-код талап етіледі. Сол арқылы адамның вакцина алған-алмағанын тексеруге болады. Қазақстанның вакциналау паспортында мұндай код жоқ. Оны енгізу жоспарда бар ма?», — деп сұрақ қойды журналист Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Вице-министр Әсет Тұрысов eGov mobile-да QR-код әзірленіп жатқанын және вакциналау паспортына енгізілетінін айтты.


«Сонымен қатар, вакциналау паспорттарының қағаз нұсқаларында QR-код бар. Сондықтан, шетелге шығарда шекарада қиындықтарға тап болмау үшін қағаз нұсқасын алуға болады. EGov mobile-ға келсек, енгізу жұмыстары жүріп жатыр», — деп атап өтті Әсет Тұрысов.