Вакцинаның зияны туралы айтқан дәрігер-ғалымның видеосы жұрттың жағасын ұстатты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вакцинаның зияны туралы айтқан дәрігер-ғалымның видеосы жұрттың жағасын ұстатты

Вакцинаның зияны туралы айтқан дәрігер-ғалымның видеосы жұрттың жағасын ұстатты

Әлеуметтік желіде осыдан бірнеше жыл бұрын болған «Көршілер» ток-шоуынан үзінді таралуда. Онда медицина ғылымдарының докторы Қайша Сейітжанова вакцинаның зияны туралы, әсіресе, оның бедеулікке әкеп соқтыратыны жайында айтып тұр.

  • 3 Мамыр 2017
  • 5058
Фото - Caravan.kz

Дәрігердің айтуынша, ол екпені қояндарға салып зерттеген, деп жазады Caravan.kz тілшісі. Вакцинаны адамға бала кезінен егетіндіктен, қояндардың да көжегіне егіпті. Содан кейін оның көжегіне салып, ұрпақтан ұрпаққа кете берген.   

 «Адамда немере-шөбере деген болады ғой . Біз қоянның неменесіне келгенде тоқтадық. Содан кейін ол буаз болмай қалды. Яғни көжектемейді. Бәрі қан кетіп өліп жатыр» дейді дәрігер.

Ал тележүргізушінің «Біз де екі-үш буын егіліп келе жатырмыз. Енді екі буыннан кейін тура осындай жағдай адамда да бола ма?» деген сұрағына «Қазір сол бедеулік бізде ерте пайда болып, көбейіп жатыр. Өзім акушер-гинекологпын» деп жауап беріпті.  


Соңғы жаңалықтар