Валюта айырбастау пункттерінде доллар бағамы 309-310 теңгеге дейін өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Валюта айырбастау пункттерінде доллар бағамы 309-310 теңгеге дейін өсті

Валюта айырбастау пункттерінде доллар бағамы 309-310 теңгеге дейін өсті

Алматы және Астананың валюта айырбастау пункттері мен банк филиалдарында кешегімен салыстырғанда доллар бағамы 9-10 теңгеге өсті.

  • 6 Қараша 2015
  • 613
Фото - Caravan.kz

Қазақстан қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамына мониторинг жүргізетін kurs.kz сайтының ақпаратынша, Алматының валюта айырбастау пункттері долларды 307-307,5 теңгеге сатып алып, 309 — 309,5 теңгеге сатып жатыр.

Астананың валюта айырбастау пункттері долларды 302-308 теңгеден сатып алып, 308- 310 теңгеден сатуда.

Казкоммерцбанкте долларды 307 теңгеге сатып алып, 309 теңгеге сатып алуда.


Еуразиялық банкте долларды сатып алу-сату құны,  сәйкесінше, 308 және 309,9 теңгеден.

Халық банкінде долларды 307,14 теңгеге сатып алып, 309,14 теңгеден сатып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар