Жарияланды: 600

Валюта бағамы шұғыл өзгеру қаупі туындаған жағдайда ғана ҚР Ұлттық банкі валюта рыногына ықпал жасауды қолға алады - Ә.Сәйденов

Валюта бағамы шұғыл өзгеру қаупі туындаған жағдайда ғана ҚР Ұлттық банкі валюта рыногына ықпал жасауды қолға алады. Бүгін, 26-қаңтарда Елбасы кандидатурасын Ұлттық банк төрағасына бекіту туралы ұсыныс жасағаннан кейін парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген Әнуар Сәйденов осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

Ә.Сәйденовтың пікірінше, "жалпы ағым мүлдем бір бағытта өрбігеніне қарамастан, биылғы жыл басында қалыптасқан валюта бағамы мен теңгенің нығаюын шұғыл ауытқушылық деп бағалауға болмайды". Ә.Сәйденовтың хабарлауынша, "өткен 2,5 аптаның ішінде Ұлттық банк валюта биржасында доллар сатып алуды доғарған жоқ". "Бұл саясатты біз одан әрі де жалғастырамыз",- деп сендірді Ә.Сәйденов. Сондай-ақ, оның айтуына қарағанда, "евроға және басқа да валюталарға ( жанама түрде теңгеге де) шаққандағы доллар бағамының шұғыл өзгеруі саяси және экономикалық сипаттағы бірқатар факторлардың әсерінен болмақ". Ә.Сәйденов "Ұлттық банк валюта рыногындағы ахуалды жіті қадағалап, түрлі өзгерістерге дер кезінде жауап береді" дегенге депутаттарды сендірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін