"Валют-Транзит Банкі" АҚ-ның бұрынғы басшылығы компания активтерін жақын туыстары мен банкпен аффилиирлік байланыстағы құрылымдардың есепшотына аударуға талпыныс жасауда - қаржы полициясы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Валют-Транзит Банкі" АҚ-ның  бұрынғы басшылығы компания активтерін жақын туыстары мен банкпен аффилиирлік байланыстағы құрылымдардың есепшотына аударуға талпыныс жасауда - қаржы полициясы

"Валют-Транзит Банкі" АҚ-ның бұрынғы басшылығы компания активтерін жақын туыстары мен банкпен аффилиирлік байланыстағы құрылымдардың есепшотына аударуға талпыныс жасауда - қаржы полициясы

АСТАНА. 2-қараша. Kazakhstan Today. "Валют-Транзит Банкі" АҚ-ның бұрынғы басшылығы компания активтерін экс-президент Андрей Беляловтың жақын туыстары мен банкпен аффилиирлік байланыстағы құрылымдардың есепшотына аударуға талпыныс жасауда. Бұл туралы бүгін ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ыбырайымов баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 2 Қараша 2006
  • 427
Фото - Caravan.kz

Рустам Ыбырайымовтың хабарлауынша, «осы жылдың 20-қазанында агенттікке «Валют-Транзит Банкі» АҚ-ның қазіргі басшылығынан Андрей Беляловтың банк активтерін жақын туыстары мен банкпен аффилиирлік байланыстағы құрылымдардың есепшотына аударуға бағытталған заңсыз әрекеттерге барғаны туралы хат келіп түсті». Оның айтуынша, бұрынғы басшылық еліміздің түрлі облыстарында орналасқан банк филиалдарының ғимараттары секілді мүліктерін басқа ұйымдарға өткізіп жіберуге талпыныс жасауда. Ал жаңа қожайындар өз кезегінде мүлікті заңдастыруға байланысты жарияланған рахымшылық жөніндегі заңның аясында бұл ғимараттарды заңдастырып алуға талпыныс жасай алады.

«Біз дер кезінде шара қолдану арқылы мұндай әрекеттердің жолын кестік»,- деді Р.Ыбырайымов. Оның айтуынша, банкпен аффилиирлік байланыстағы компаниялардың санын тергеушілер 220-ға жеткізді. Қазір банкпен байланысы бар екені жаңадан анықталған ұйымдардың мүлкін тұтқындауға шаралар қолданылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта