"Валют-Транзит" банкінің бұрынғы басшысының үстінен өкілеттілігін теріс пайдалану және жалған кәсіпкерлік жөніндегі айыппен қылмыстық іс қозғалды - қаржы полициясы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Валют-Транзит" банкінің бұрынғы басшысының үстінен өкілеттілігін теріс пайдалану және жалған кәсіпкерлік жөніндегі айыппен қылмыстық іс қозғалды - қаржы полициясы

"Валют-Транзит" банкінің бұрынғы басшысының үстінен өкілеттілігін теріс пайдалану және жалған кәсіпкерлік жөніндегі айыппен қылмыстық іс қозғалды - қаржы полициясы

АСТАНА. 2-қараша. Kazakhstan Today. Еліміздің қаржы полициясы "Валют-Транзит Банкі" АҚ-ның бұрынғы президенті Андрей Беляловтың үстінен өкілеттілігін теріс пайдалану және жалған кәсіпкерлік жөніндегі айыппен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ыбырайымов баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 2 Қараша 2006
  • 509
Фото - Caravan.kz

«Тексеру барысында анықталғанындай, «Сантория» деп аталатын жалған кәсіпорынның есебінен банк несиесі жөніндегі жалған келісім-шарттары мен жалған ақшалай кепілдікті пайдалану арқылы «Валют-Транзит Банкі» 1,7 млрд. теңгені аударып жіберген. Бұл қаржы бұдан кейін «Ньютек-плюс», «Омега-plus-НВ», «Кристалл-Юниос», «Парус» сынды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есепшотына аударылып, ақыр-аяғында Беляловтың өзіне қарасты есепшоттан бірақ шыққан»,- деді Р.Ыбырайымов.

Тергеу барысында «Валют-Транзит Банкі»АҚ-ның бұрынғы басшылығы «Сантория» ЖШС мен басқа да ұйымдардың несиелік досьесін әкеліп көрсете алмады. «Банктің бұрынғы басшылығы аталмыш несиелік досьелер басқа ғимараттағы мұрағатқа жолданған, алайда, орын-жайдың су ішінде қалуына байланысты жарамсыз болып қалған деп мәлімдеуде. Алайда, мұрағатқа жүргізілген тексеру нәтижесінде ол жерден су басу белгілері анықталған жоқ»,- деді Р.Ыбырайымов.

Осыдан кейін прокуратураның рұқсатымен қаржы полициясының қызметкерлері банк пен банк тобының ғимараттарында тінту жүргізді. «Соның нәтижесінде банктің несиелік іс-қызметіне қатысты құжаттар, банктен несие алған және Валют-Транзит Банкі» жүзеге асырған қаржылық схемаларға қатысқан ұйымдардың жарғылық және есеп-қисап құжаттарының түпнұсқалары тәркіленді»,- деді Р.Ыбырайымов.

Сонымен бірге оның айтуынша, аталмыш құжаттар тек банктерде ғана емес, банк басшылығы бұрын банкпен аффиилирлік байланыста емес деп мәлімдеп келген басқа да ұйымдардан табылды. «Мәселен, «Созвездие» деп аталатын халықаралық бильярд орталығында жүргізілген тінту кезінде Беляловтың ағасының жұмыс бөлмесінен банкпен аффилиирлік байланыстағы фирмалардың есеп-қисап құжаттары тәркіленді. Банкпен аффилиирлік байланыстағы фирмалардың есеп-қисап құжаттарының түпнұсқалары салынған екі сөмке банк тобы ғимаратының шатырынан табылды. Құжаттардың бір бөлігі жартылып тасталған. Сонымен бірге аталмыш ғимараттың 7-қабатындағы коммуникациялық жылыту бөлігінен тағы да жасырылған құжаттар табылды»,- деді Р.Ыбырайымов.

Оның айтуынша, қазір А.Беляловқа бұлтартпау шарасы қолданылып, ол үй қамауына алынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта