«Валют-Транзит банкті» жою жөніндегі комиссияның экс-төрағасы айыпталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Валют-Транзит банкті» жою жөніндегі комиссияның экс-төрағасы айыпталды

«Валют-Транзит банкті» жою жөніндегі комиссияның экс-төрағасы айыпталды

«Валют-Транзит банкті» жою жөніндегі комиссияның экс-төрайымы Жәмилә Омархановазаңсыз кәсіпкерлігі, қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін айыпталды, деп Қарағанды облыстық ЭҚСЖКД тергеу басқармасынан хабарлады.

  • 10 Маусым 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

««Валют-Транзит банкті» жою жөніндегі комиссияның экс-төрайымы Жәмилә Омархановаға қатысты заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша 18 қылмыстық іс ашылды. Жою комиссиясы банкке тиесілі ғимараттарды заңсыз жалға тапсырып отырған», — деді қаржы полициясының тергеу басқармасының бастығы Елдос Сағадиев жұма күнгі баспасөз мәслихатында.

Қаржы полициясының мәліметтерінше, 3 жылда заңсыз алынған кірістің жалпы сомасы Т147,7 млн болыпты. «2008-2010-шы жылдар аралығында банкті жою комиссясы «Валют-Транзит банк» АҚ-ның Астанада, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбеде, Семей, Қызылорда, Көкшетау, Қостанай, Риддер, Оралдағы ғимараттарын 72 заңды және 6 жеке тұлғаға жалға тапсырған», — деді Е. Сағиев.

Оның айтуынша, жалдан түскен қаражат жою комиссиясының жалақысына жаратылып отырған.

«Қазір қылмыстық істерді тергеу аяқталды. Іс материалдарымен танысу жүріп жатыр. Жақында іс сотқа тапсырылады. Мен ол маусымның соңына дейін болатын шығар деймін», — деді Е. Сағиев.

Жою комиссиясының экс-төрағасына ҚР ҚК 308-ші бабы, 4-ші тармағы бойынша «қызмет бабын асыра пайдалану», және ҚР ҚК 190-шы бюабы, 2-ші тармағы — «заңсыз кәсіпкерлікпен айналсу» бойынша айып тағылды, деді ол.

«Ж. Омарханова өзінің айыбын жартылай мойындады. Ол ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхатпен Қарағандыда жүр», — деді тергеу басқармасының жетекшісі.

Ж. Омарханова «Валю-Транзит банктің» жою комиссиясын 2007-ші жылдың қарашасынан бастап, 2010-шы жылдың наурызына дейін басқарды.

Еске салсақ, «Валют-Транзит банк» АҚ-ны мәжбүрлеп жою туралы шешімді Қарағандының ауданаралық экономикалық соты 2007-ші жылы ақпанда шығарған болатын. Банкті жою 2007-ші жылы наурызда басталған. Банк жеке және заңды тұлғаларға Т50 млрд қарыз болып қалды. Қазір үшінші кезек бойынша депозиттерге кепілдік қорынан өтемдер жүріп жатыр. 4-ші кезекте тұрған салымшылардың қарыздарын қайтаруға жою комиссиясы әлі кіріскен де жоқ.

Жойылып жатқан «Валют-Транзит банк» АҚ-ның экс-президенті Айтбақы Біләловтың (Андрей Беляев) ісі бойынша үкім 17-ші маусымда шығарылады.

Соңғы жаңалықтар