Вандалдар Дәуіт пайғамбар мешітін бүлдіріп кетіпті
«Әл-Ақса» қоры қызметкерлерінің айтуынша, белгісіз біреулер Құдыстағы «Әл-Ақса» мешітінің оңтүстік батысындағы әл-Жани тарихи ауданында орналасқан Дәуіт пайғамбардың мешітін бүлдіріп кеткен. Бұл туралы muslim.kz сайты хабарлайды. |
Дәлірек айтқанда, бүлдірушілер 17 ғасырға тиесілі Осман империясы тұсында мәрмәрден қаланған мешіттің алдыңғы жағын қиратып кеткен.
«Әл-Ақса» қорының басшылары соңғы кездері Құдыстағы Ислам құндылықтары вандалдардың нысанына жиі іліне бергенін айтып отыр», - деп жазады Әзірет Сұлтан мешітінің сайты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін