Ванья Кингпен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Ярослава Шведова US Open ашық чемпионатында жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ванья Кингпен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Ярослава Шведова US Open ашық чемпионатында жеңіске жетті

Ванья Кингпен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Ярослава Шведова US Open ашық чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен американдық спортшы Ванья Кингтің жұбы US Open ашық чемпионатының жеңімпаздары атанды.

  • 14 Қыркүйек 2010
  • 373
Фото - Caravan.kz

«Үлкен шлем» турнирлерінің қатарына кіретін Нью-Йоркте өткен жарыстың ақтық кезеңінде қазақстандық-американдық жұп Лизель Хубер мен Надежда Петрованың американдық-ресейлік альянсын 2:6, 6:4, 7(7):6(4) есебімен жеңді.

Финалдық кездесу жексенбі, қыркүйектің 12-сінде басталып, дүйсенбі күні яқталды. Жарыстың екі күнге созылуына нөсер жауын себеп болды. Бірінші күні Л. Хубер/ Н. Петрова жұбы 2:6, 6:4

есеппен алда келе жатқан болатын. Үшінші сетте есеп 5:4 болған кезде, нөсердің салдарынан ойынды тоқтатып, кездесуді келесі күнге ауыстыруға тура келді. Осы үзіліс Шведова мен Кингтің жұбына жақсы әсер етсе керек, олар келесі күні жалғастырған ойынды тай-брейкте -7:6 есеппен аяқтады.

Ванья Кинг жұптық турнирде осымен он екінші рет жеңіске жетсе, Ярослава Шведова мұндай жарыстарда үш рет қана жеңіске жеткен.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера