Варшавада Қазақ көшесі пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Варшавада Қазақ көшесі пайда болды

Варшавада Қазақ көшесі пайда болды

ВАРШАВА. 6-шілде. Kazakhstan Today. Варшавада Астана күніне орай қаланың көрікті аудандарының біріндегі көшеге Қазақ көшесі деген атау берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Шiлде 2006
  • 611
Фото - Caravan.kz

“Варшава қаласының әкімшілігі мен қалалық кеңес Польшадағы Қазақстан елшілігінің бастамасымен жазғы король сарайы мен Еуропадағы Виланов паркі, сондай-ақ, Қазақстаннның дипломатиялық өкілдігі орналасқан қаланың танымал Виланов атты көрікті ауданындағы бір көшеге Қазақ көшесі деген атау беруге бір дауыстан шешім қабылдады”,- деп хабарлайды Польшадағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі.

Польша астанасы басшылығының пікірінше, Қазақ көшесі Польша астанасының Елордаға жасаған нышандық сый-сыяпаты болумен бірге, Польша халқының кезінде республика аумағына айдалып келген поляктарға жанашырлық танытып, көмек қолын созған қазақтарға деген ризашылығының белгісі болмақ.

“Польша мен Қазақстан әркім мойындаған аймақтағы көшбасшы елдер. Екі ел ауқымды саяси және экономикалық ықпалдастық орнатқан. Қазақ көшесі – жаңа Еуропалық Одақтың аумағындағы осындай атауы бар алғашқы көше”,- делінген Қазақстан Елордасының күніне орай Астана әкімі Өмірзақ Шүкеевтің атына Варшава мэрінің міндетін атқарушы Мирослав Кохальскийден жолданған құттықтау хатта. “Қазақ және поляк халықтарының аталмыш достық белгісі екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бұдан былай да қызмет ете береді”,- делінген жолдауда.

Перейти к новостям спорта