Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы негізгі келісімге қол қою мерзімін жеделдетуге уағдаластық жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы негізгі келісімге қол қою мерзімін жеделдетуге уағдаластық жасалды

Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы негізгі келісімге қол қою мерзімін жеделдетуге уағдаластық жасалды

Қазақстан мен Польша сыртқы істер министрлерінің Варшавада өткен сыртқы саяси консультацияларының кезекті раунды барысында елшілер екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы негізгі келісімге қол қою мерзімін жеделдетуге уағдаласты. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған. Келіссөздер барысында ҚР СІМ-нің өкілдерін министрдің орынбасары Алексей Волков басқарды.

  • 2 Қыркүйек 2004
  • 583
Фото - Caravan.kz

Келіссөздер барысында Польша сыртқы істер министрінің орынбасары Богуслав Залесский екі жақты ынтымақтастықтың түрлі бағыттарын, халықаралық саясатқа қатысты өзара қызығушылық тудырып отырған өзекті мәселелерді қарады. Қазақстан-Польша қарым-қатынасының құқықтық негізін қалайтын келісім-шарттар мен екі жақтың қарауында жатқан құжаттар жобасына санақ жүргізілді. Сыртқы саясат саласын басқарушы мекемелердің бірлескен шараларының жоспары мен екі елдің консулдық қызметтерінің өзара ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланды.

Консультациялар барысында екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен болашағына баса назар аударылды. Тараптар Польшаның Еуропалық Одаққа мүшелікке өтуіне байланысты өзара сауда-саттық алғышарттарын жетілдіру шараларын қарады.
Өкілдер мұнайгаз және қорғаныс өнеркәсібі, құрылыс, көлік және коммуникация, ауылшаруашылығы, қаржы және туризм саласындағы ықпалдастықты тереңдетуге қатысты ұсыныстарымен бөлісті. Өзара студент және оқытушылар алмасу, Польшада Қазақстан киносының күндерін өткізу және басқа да бірқатар мәдени шаралар ұйымдастыру мәселелері сарапқа салынды.
Бұған қоса өкілдер БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тәрізді халықаралық ұйымдар аясында Қазақстан-Польша қарым-қатынасын тереңдету мүмкіндіктерін саралады. Польша жағы Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына, сондай-ақ, Көлік министрлерінің Еуропалық конференциясына мүшелікке өтуі барысында қолдау көрсетуге уәде берді.

Перейти к новостям спорта