Вашингтонда Холокост құрбандарына арналған АҚШ Мемориалдық мұражайына Қазақстанның арнайы қызметтерінің мұрағатынан алынған құжаттарды тапсыру рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вашингтонда Холокост құрбандарына арналған АҚШ Мемориалдық мұражайына Қазақстанның арнайы қызметтерінің мұрағатынан алынған құжаттарды тапсыру рәсімі өтті

Вашингтонда Холокост құрбандарына арналған АҚШ Мемориалдық мұражайына Қазақстанның арнайы қызметтерінің мұрағатынан алынған құжаттарды тапсыру рәсімі өтті

Вашингтонда Холокост құрбандарына арналған АҚШ Мемориалдық мұражайына Қазақстанның арнайы қызметтерінің мұрағатынан алынған құжаттарды тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қазан 2003
  • 471
Фото - Caravan.kz

Құжаттарды тапсыру рәсіміне елімізден ҚР ҰҚК-нің төрағасы Нартай Дүтбаев қатысты.

Нацистік террор жылдарында еврейлер мен басқа да ұлт өкілдерін жаппай қырып-жою тарихын зерттеумен айналысатын Федералдық мекемеге құжаттарды тапсыру барысында Н.Дүтбаев : «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен сіздерге осынау мұрағат материалдарын тапсыру біз үшін үлкен мәртебе. Бұл құжаттар американ жұртшылығына фашистер жаулап алған бұрынғы КСРО аумағындағы еврейлер өмірінің кейбір трагедиялы тұстары туралы хабардар болуға жәрдемдеседі деген үміттеміз»,- деп атап көрсетті.
Құжаттарды қабылдап алған Холокост орталығының директоры Пол Шапиро Қазақстан президенті мен үкіметіне ризашылық білдіре отырып, «бұл құжаттар біздің мұражайға, және жалпы Батыс әлеміне Орталық Азиядан келтірілген осындай тұңғыш құжаттар болмақ»,- деді.
Құжаттарды тапсыру рәсімінде сөз сөйлеген АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Қанат Саудабаев : «жуырда Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің құрылтайы — Н.Назарбаевтың әртүрлі ұлттар мен діндер өкілдері арасындағы түсіністік пен диалогты нығайтуға бағытталған дәйекті күш-жігерінің бір куәсі болып табылады»,- деді . «Холокост мұражайына құжаттар тапсыру рәсімін де біз дәл осы тұрғыдан қарастырамыз. Сондай-ақ, бұл — өзара стратегиялық әріптестер болып табылатын АҚШ пен Қазақстан арасындағы сенімнің нығая түскенінің айғағы болмақ»,- деп ой қорытты елші.

Соңғы жаңалықтар