Вашингтонда қазақстан-американ консулдық консультацияларының бірінші отырысы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вашингтонда қазақстан-американ консулдық консультацияларының бірінші отырысы болды

Вашингтонда қазақстан-американ консулдық консультацияларының бірінші отырысы болды

18-19 шілде күндері ҚР СІМ жауапты хатшысы Р.Жошыбаев ҚР сыртқы істер және ішкі істер, білім және ғылым министрліктерінің, Бас прокуратура, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің өкілдері

  • 21 Шiлде 2011
  • 391
Фото - Caravan.kz

кірген қазақстандық делегациямен бірге Вашингтонда болып, ресми өкілдермен бірқатар кездесулер және іс-шаралар өткізді. Сондай-ақ қазақстандық-американдық консулдық консультациялардың бірінші отырысына қатысты.

Бұл туралы АҚШ-тағы ҚР елшілігінің баспасөз баянында хабарланған.

Р.Жошыбаев АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінде Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі мемлекеттік хатшы көмекшісінің бірінші орынбасары Дж. Паятпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын талқыға салды. Американдық тарап Қазақстанға АҚШ-тың Ауғанстандағы күш-жігеріне көмектескені үшін және осы елге көмек қолын созғаны үшін алғыс айтты.

Консулдық консультацияларда халықты құжаттандыру және тіркеу, азаматтық және көші-қон, шекараны қорғауда озық технологияларды пайдалану, бала асырап алу, лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастық сияқты басқа да мәселелер бойынша ақпарат және тәжірибе алмасу болды.

Консультациялар аясында қазақстандық делегация Вашингтонда жыл сайын төлқұжат алуға берілген 350 мың өтінішті өңдейтін беру орталықта болды.

Қазақстан-американ консулдық консультациялары консулдық-құқықтық мәселелер саласы ғана емес, жалпы екіжақты қарым-қатынас үшін де маңызды оқиғаға айналды.

Соңғы жаңалықтар