Вашингтонда "Қазақстанның Орталық Азияның жаһандық энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жетекші рөлі" атты баяндама таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
0 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вашингтонда "Қазақстанның Орталық Азияның жаһандық энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жетекші рөлі" атты баяндама таныстырылды

Вашингтонда "Қазақстанның Орталық Азияның жаһандық энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жетекші рөлі" атты баяндама таныстырылды

Биыл 28 сәуірінде Американың жетекші талдау орталықтарының бірі – Атлантикалық кеңесте Орталық Азия өңірінің жаһандық энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әлеуетіне және Қазақстанның өңірді біріктірудегі рөліне арналған баяндама таныстырылды.

  • 5 Мамыр 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

Іс-шараға баяндама авторлары – Джеймстаун қорының аға ғылыми қызметкері Маргарита Ассенова, Атлантикалық кеңестің аға ғылыми қызметкері, Халықаралық салық және инвестициялық орталықтың энергетика және қауіпсіздік бағдарламасының директоры Ариэль Коэн және Халықаралық салық және инвестициялық орталықтағы әріптесі, энергетика және қауіпсіздік бағдарламасының жетекші талдаушысы Уэсли Хилл қатысты.

Американдық сарапшылардың пікірінше, географиялық жағдаймен қатар, Орталық Азияның геосаяси маңыздылығы аймақтың су, жер және энергетикалық ресурстарына байланысты.

Баяндама авторлары бірауыздан Орталық Азиядағы өңірлік ықпалдастықты нығайту әлемдік экономика мен саясат үшін де, серпінді өсіп келе жатқан және болашағы зор экономикалық өңірді дамытудағы маңызды фактор болып табылатынын атады. Сол фактордың бірі өңірлік ықпалдастықты Орталық Азияны одан әрі дамытудағы маңызды қадам екеніне назар аударды. У.Хиллдің пікірінше, «С5+1» платформасы аясында ОА мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың қолда бар форматы өңір елдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және өңірлік бастамаларды ілгерілетуге табысты ықпал ете алады. Осыған байланысты А. Коэн «Өңір мен Қазақстанның әлеуетін дамытуда батыстық әріптестер мен инвестицияларды саяси қолдау маңызды рөл атқаратынын» атап өтті.

Баяндаманың таныстырылымынан кейін АҚШ-тағы Ресей мен Еуразияны зерттеудің жетекші орталығы Кеннан институты Халықаралық салық және инвестициялық орталығымен серіктестікте «Орталық Азияның дамуының болашағы: Ресей мен Қытай арасында» атты конференция өткізді.


Конференцияда сарапшылар, ғалымдар және саясаткерлер Украинадағы соғыстың Орталық Азияның экономикалық және геосаяси дамуына әсеріне қатысты мәселелерді талқылады.

Бірінші панельдік пікірталас «Еуразия – геосаяси мүдделердің тоғысы» тақырыбында өтті.

Екінші панельдік сессияда «Жаңа Жібек жолындағы геоэкономикалық трансформация: көмірсутекке тәуелділік жолында» тақырыбы талқыланды.