АҚШ-тағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, концерттің басты оқиғасы — американ қауымының Қазақстанның әртүрлі дәстүрлі ойындары мен ұлттық аспаптарымен танысуы болды. Домбыра үні Қазақстанды білетін біраз жұртқа әбден таныс болса, қобыздың қоңыр үні, жетіген, саз-сырнай мен сыбызғыдан шыққан сырлы әуен жиналған қауымды таңғалдырды.
Вашингтондағы Қазақстанның мәдениеті фестивалін Смитсониан мұражайлар жүйесінің бірлесуімен АҚШ-тағы ҚР елшілігі ұйымдастыруда. Фестиваль 2010 жылдың соңына дейін жалғасын табады, ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылы сәуірдің 14-інде Вашингтонға жасаған сапары барысында ашылған болатын.