Ватиканда жаңа Рим Папасы сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ватиканда жаңа Рим Папасы сайланды

Ватиканда жаңа Рим Папасы сайланды

Әлем кардиналдары бас қосқан конклав жаңа Рим Папасын сайлады. Сөйтіп, 78 жастағы кардинал Йозеф Ратцингер 265-ші понтифик болып сайланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 20 Сәуiр 2005
  • 456
Фото - Caravan.kz

Жаңа понтификті сайлауға арналған конклавқа дүниежүзінің 52 елінен 115 кардинал қатысты. Жаңа Папа 19-сәуір, сейсенбі күні кешке конклавтың екінші жиналысында төрт мәрте дауыс беру нәтижесінде сайланды.

Жаңа Рим Папасы он алтыншы Бенедикт деген есімді таңдады.
Рим католик шіркеуінің дінбасшысына сайланғанға дейін кардинал Ратцингер сенім доктринасы Конгрегациясының Ватикандағы префекті, Папа басқаратын таурат комиссиясының және Халықаралық теологиялық комиссияның президенті болған.
Й.Ратцингер 1927-жылдың 16-сәуірінде Германияда туды. Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін Германия әуеден қорғаныс қызметінің қосалқы бөлімшесіне әскери қызметке шақырылды. Философия мен теологияны Мюнхен университетінде оқып-үйреніп, 1951-жылы дін қызметшісі деген дәрежеге ие болды. Германияның түрлі жоғары оқу орындарында философия мен теологиядан дәріс берді.
1977-жылғы наурыз айында Мюнхен және Фрейзинген архиепископы, ал сол жылғы маусым айында кардинал болып тағайындалды. 2000-жылғы қараша айында Папа ғылым академиясының құрметті академигі болып сайланды.

Перейти к новостям спорта