В.Чижов: ИКҰ-ны қайта құрумен ЕҚЫҰ мен ШЫҰ-дағы төрағалық тәжірибесі бар Қазақстан айналыспағанда, қай ел айналысады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
В.Чижов: ИКҰ-ны қайта құрумен ЕҚЫҰ мен ШЫҰ-дағы төрағалық тәжірибесі бар Қазақстан айналыспағанда, қай ел айналысады

В.Чижов: ИКҰ-ны қайта құрумен ЕҚЫҰ мен ШЫҰ-дағы төрағалық тәжірибесі бар Қазақстан айналыспағанда, қай ел айналысады

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында және Шанхай ынтымақтастық ұйымында төрағалық тәжірибесі бар Қазақстан Ислам конференциясы ұйымын қайта құрумен айналыса алар еді.

  • 21 Маусым 2011
  • 450
Фото - Caravan.kz

Ресейдің Еуроодақ жанындағы тұрақты өкілі Владимир Чижов Қазақстанның осынау жауапты лауазымдағы жұмыс перспективасына арналған Брюссель конференциясының қорытындысы бойынша журналистерге берген сұхбатында осындай пікір айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы — Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы қызметтен де маңыздырақ. «Себебі, Ислам конференциясы ұйымы ислам өркениетіне қатысы бар елдердің басын біріктіріп отыр. Ал ондай елдер өте көп және олардың барлығы бірдей саяси постулат пен саяси мақсаттарды насихаттап отырған жоқ. Екінші жағынан, Ислам конференциясы ұйымын қайта құрумен ЕҚЫҰ мен ШЫҰ-дағы төрағалық тәжірибесі бар Қазақстан айналыспағанда, басқа қай ел айналысады. Менің түсінуімше, қазақстандық төрағалықтың мақсаттарының бірі — Ислам конференциясы ұйымын қайта құру болатын сияқты», — дейді В.Чижов.

20 маусымда Брюссельде Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалығының перспективаларына арналған конференция өткенін ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар