Ведомствоаралық ақпараттық насихат тобы Семей өңірінде үкімет шешімдерінің орындалу барысымен көзбе-көз танысады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ведомствоаралық ақпараттық насихат тобы Семей өңірінде үкімет шешімдерінің орындалу барысымен көзбе-көз танысады

Ведомствоаралық ақпараттық насихат тобы Семей өңірінде үкімет шешімдерінің орындалу барысымен көзбе-көз танысады

Кұрамында білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шауашылығы және ақпарат министрліктерінің өкілдері бар ведомствоаралық ақпараттық насихат тобы Семей өңірінде жұмыс істеуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Наурыз 2004
  • 473
Фото - Caravan.kz

Комиссия бұған дейін Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында болып, сол аймақ тұрғындарымен кездескен болатын. «Басты мақсатымыз-халықты толғандырған сауалдарды, жұрттың ойындағы мәселелерді біліп, билік орындарына жеткізу, жоғарыда қабылданып жатқан шешімдерге көпшіліктің көзқарасын білу, олардың орындалу барысына көз жеткізу. Халықтың ойындағы мәселелерге тиісті үкіметтік құрылымдардың назарын аудару»,-дейді ведомствоаралық топты бастап келген ҚР ақпарат министрлігінің баспа БАҚ басқармасы бастығының міндетін атқарушы Кенжеболат Жолдыбай.

Жұмыс тобының мүшелері мекеме, ұйымдарда болып, жергілікті тұрғындармен кездесіп жатыр. К.Жолдыбайдың айтуынша, «халықты толғандырған мәселелелер қатарында жерді сату, оның бағасы, жердің қанша жылға берілетіндігі жайындағы сауалдар бар. Білім берудің халықаралық стандарттарына көшуді ел дұрыс қабылдайды. 12 жылдық білім беру, бірыңғай тестілеу жүйесіне қатысты тұрғындар тарапынан туындап жатқан басқа да сауалдарға тиісті жауаптар беріліп жатыр».
Ақпараттық насихат тобы Семей қаласынан кейін Абай және Бородулиха аудандарының тұрғындарымен кездеспекші.

Соңғы жаңалықтар