Ведомстволық наградаларды бір ізге түсіріп, заңнамаға сәйкестендіру қажет - М.Құл-Мұхаммед - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ведомстволық наградаларды бір ізге түсіріп, заңнамаға сәйкестендіру қажет - М.Құл-Мұхаммед

Ведомстволық наградаларды бір ізге түсіріп, заңнамаға сәйкестендіру қажет - М.Құл-Мұхаммед

Бұл туралы бүгін Ақордада өткен Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты.

  • 9 Шiлде 2012
  • 509
Фото - Caravan.kz

Алқалы жиынды ашып, комиссия мүшелерін күні кеше өткен Астана күнімен құттықтаған Мемлекеттік хатшы: «Бүкіл еліміз осы үлкен мерекеге зор дайындықпен келді. Астанада, барлық облыс орталықтарында Астана күні, Қазақстанның елордасының күні кең көлемде атап өтілді. Осы мереке құтты болсын дегім келеді», — деді.

Осыдан кейін комиссияның күн тәртібіне тоқталған М.Құл-Мұхаммедтің айтуынша, республикамыздағы барлық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың, түрлі ведомстволардың өзінің ведомстволық наградалары болады. Ал осы наградалардың барлығын бір ізге түсіру, олардың еліміздің заңнамасына сәйкестігін қарау және олардың сипаттамасын белгілеу геральдикалық комиссияның құзіретіне жатады.

Бұл ретте, Елбасының Жарлығына сәйкес 14 мемлекеттік органның 43 медалі, 34 төсбелгісі белгіленгендігін атап өткен ол: «Өкінішке орай, солардың барлығы әлі күнге дейін біреуі құрметті деген атпен, екіншісі үздік деген атпен, үшіншісі басқада атаулармен белгіленіп келе жатыр. Олардың барлығын бір ізге түсіріп, заңнамаға сәйкестендіру осы комиссияның негізгі міндеті болып табылады. Сондықтан біз бүгінгі күн тәртібіне бірнеше мәселені шығарып отырмыз. Ол мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларына қатысты келіп түскен ұсыныстар», — деді.

Перейти к новостям спорта