Жарияланды: 340

Велосипед жүргізетін ит адамша да амандасады

Қытайда Дуо Дуо атты ит өзінің ерекше қабілеттерімен елге танылды. Ол скейтборд және велосипед жүргізеді,

деп хабарлайды 24 KZ. Ит иесі оның 5 айда артқы аяқтарымен тұрып, адам сияқты амандасуды үйренгенін айтады. Ал қалған дағдыларды үйренуге 2 жыл уақыттың кеткенін жасырмады. Қожайыны итті шеңбер арқылы секіруге, доппен ойнауға, сондай-ақ 1 сағат бойы доп үстінде тұруды да үйреткен. Ал күз айынан бастап иесі итті велосипед жүргізуге үйретіп, жеткен жетістіктерін мақтана айтады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін