Ол көш басындағы сары жейденің иесі «Saxo Bank» командасының өкілі люксембургтік Энди Шлектен 0,41 секундқа қалып келеді. Мамандар биыл бұл додада бас жүлдеге осы екі спортшы таласады деп топшылап отыр. Себебі, жалпы есепте үшінші орында келе жатқан Euskaltel командасының өкілі испаниялық Самуэль Санчес Шлектен 2 минут 45 секундқа қалып келеді. Әйгілі қазақстандық велошабандоз, «Астана» командасының тағы бір өкілі Александр Винокуров жалпы есепте әзірге 14-ші орынды тұр. Ол көшбасшыдан 6 минут 31 секунд артта.