Велотректен Әлем кубогының бірінші кезеңі жоғары деңгейде өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Велотректен Әлем кубогының бірінші кезеңі жоғары деңгейде өтуде

Велотректен Әлем кубогының бірінші кезеңі жоғары деңгейде өтуде

Велотректен Әлем кубогының бірінші кезеңі жоғары деңгейде өтуде. Бұл пікірді бүгін «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан жарыстар барысында ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Олег Түсімханов білдірді.

  • 7 Қараша 2011
  • 491
Фото - Caravan.kz

«Біздің барлық қонақтар мен жарысқа қатысушылар спорт құрылысына өте разы және мамандар оның өте жылдамдықты екендігін атап өтуде. Оған спортшылардың жоғары нәтижеге қол жеткізуі дәлел бола алады. Кеше командалық жарыста Ресейдің құрама командасы өте жақсы нәтиже көрсетті»,- деді ол.

Қазіргі уақытта «Сарыарқа» велотрегінде әйелдер арасындағы спринттен жарыстар өтуде. «Спортшылар жоғары нәтиже көрсетуге тырысуда. Өйткені бұл жарыстарда жеңіске жету Лондон олимпиадасының жолдамасын ұтып алуға мүмкіндік береді», — деді О.Түсімханов.

Өкінішке орай, бүгінгі жарыс барысында бірнеше спортшы жарақат алды. Атап айтқанда, омниум жарысы барысында жапон велошабандозы Канако Касио құлап, ауыр жарақаттанды. Сонымен қатар тағы бір жапондық спортшы Сеихиро Накагавада кейрин жарысында құлап қалды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера