Вена қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ғаламдастыру мәселесіне арналған 1-халықаралық конференциясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вена қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ғаламдастыру мәселесіне арналған 1-халықаралық конференциясы басталды

Вена қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ғаламдастыру мәселесіне арналған 1-халықаралық конференциясы басталды

3-шілдеде Вена қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ғаламдастыру мәселесіне арналған 1-халықаралық конференциясы басталды. Оған ұйымға мүше барлық 55 мемлекеттен 200-ден астам өкілдер қатысуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ресми сайтында жарияланған хабарламадан белгілі болды.

  • 4 Шiлде 2003
  • 709
Фото - Caravan.kz

Ұйым төрағасы, Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі Ұйымдағы Нидерланды өкілі Франс Энгерингтің айтуынша, «құқықтық институттарды құру және тиімді менеджментті қалыптастыру жолымен ғаламдастыру процессімен бетпе-бет келуге дайындалып жатқан елдер ғаламдастырудан артықша пайда табады, соның арқасында кедейлікті жеңіп, теңсіздікті жоя, қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады».

Франс Энгерингтің айтуынша, бұл тұрғыда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ролі — құқықтық институттарды құру және демократияландыру процесстеріне қолұшын беруге, экономикалық және әлеуметтік ғаламдастыру процессіне атсалысқалы отырған елдерге ашықтық пен адам құқығын қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесуге саяды.

Соңғы жаңалықтар