Вена Рахат Әлевті экстрадициялауға тағы рұқсат бермей қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вена Рахат Әлевті экстрадициялауға тағы рұқсат бермей қойды

Вена Рахат Әлевті экстрадициялауға тағы рұқсат бермей қойды

Австрия Қазақстанның Рахат Әлиевті экстрадициялауды сұраған жаңа өтінішін қабыл алмады, деп хабарлайды AgenceFrancePress-ке сілтімілеп, lenta.ruсайты.

  • 18 Маусым 2011
  • 357
Фото - Caravan.kz

«Вена соты Әлиевті Қазақстанға экстрадициялауға рұқсат бермейтін шешім қабылдады», — делінген жұма күні lenta.ru сайтында.

ҚР бас прокуратурасында осы хабарға қатысты агенттік өтінішіне түсініктеме беруден бас тартты.

«Телефон арқылы ешкім де түсініктеме бермейді. Ресми сауал жолдаңыздар, оны 2-3 күн ішінде қарайды», — деді ҚР Бас прокуратура баспасөз қызметінің қызметкері агенттік тілшісіне.

Еске салсақ, Р. Әлиевке жақында «Нұрбанктің» топ-менеджерлерін өлтірген деген сырттай айып тағылған. 15 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевқа бас прокурор Асхат Даулбаев 2007 жылы Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновке қатысты жасалған қылмыстың егжей-тегжейін баяндап берді.

Ақ орданың ресми сайтында «топ-менеджерлерді Рахат Әлиев басқаруындағы, Кошляк және басқа да тұлғалары бар қылмыстық топ мүлкін бопсалау мақсатында ұрлап кеткен» деп жазылды. А. Дауылбаевтың мәліметтерінше, алдымен банкирлерді Алиевтің Алматыдағы резиденциясының ішінде қинаған, оның ішінде психотроптық препараттармен де қинаған. Одан соң Темірәлиев пен Хасеновты Ремизов шатқалына апарып, олар онда тұншықтырылып өлтірілген.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев күш құрылымдарынан Әлиев пен басқа осы қылмысқа қатысы барларды «экстрадициялау үшін барлық қажет шараларды қолдануды» талап етті.

Бұл ретте Р. Әлиев Twitter-дегі жеке парақшасында оған тағылып отырған барлық айыпты теріске шығарды.

Соңғы жаңалықтар