Венада Халықаралық атом энергиясы агенттігінің сейсмикалық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық орталығы ашылды
Алматы. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық атом энергиясы агенттігі Вена қаласында атом электр станциялары мен басқа да ядролық нысандарды жер сілкіністерінен қорғауға бағытталған жаһандық күш-жігерді үйлестіру жөніндегі халықаралық орталық ашты, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап. |
Сейсмикалық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық орталық Халықаралық атом энергиясы агенттігінің құрылымдық бөлімі болмақ. Оның мақсаты дүниежүзіндегі ябролық нысандардың сейсмикалық қауіпсіздігі жөнінде ақпараттар жинау мен мемлекеттерге техникалық көмек көрсетуге саяды. Орталық жер сілкіністерінің залал-зардаптарын төмендету жөнінде нұсқаулар дайындап, зілзалалардың залал-зардаптарының ауқымын бағалайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін