Венада жүрген Қазақстан мемлекет басшысы Австрия президенті, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы мен Халықаралық атом энергетикасы агенттігінің төрағасымен келіссөздер жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Венада жүрген Қазақстан мемлекет басшысы Австрия президенті, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы мен Халықаралық атом энергетикасы агенттігінің төрағасымен келіссөздер жүргізді

Венада жүрген Қазақстан мемлекет басшысы Австрия президенті, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы мен Халықаралық атом энергетикасы агенттігінің төрағасымен келіссөздер жүргізді

Ресми сапармен Австрияда жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше, 9-қыркүйекте Республика президенті Хайнц Фишермен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бас хатшысы Ян Кубишпен және Халықаралық атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің бас директоры Мұхаммед Эль-Барадеймен келіссөздер жүргізді.

  • 10 Қыркүйек 2004
  • 503
Фото - Caravan.kz

Ресейдің «Новости» ақпараттық агенттігіне Австрия федералдық президентінің хатшылығынан хабарлағанындай, келіссөздер барысында Н.Назарбаев пен Х.Фишер халықаралық қауіпсіздікке, оның ішінде халықаралық лаңкестікпен күресті пәрмендендіруге қатысты мәселелерді талқылады.

Қазақстан мемлекет басшысы мен Халықаралық атом энергетикасы жөніндегі агенттігі бас директорының кездесуінде ұйым басқарушыларының 13-қыркүйекке белгіленген кеңесі мен 20-қыркүйекте Венада ашылатын Халықаралық атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің бас конференциясы туралы мәселелер сарапқа салынды. Сұхбатқа қатысушылар ядролық қару таратпау жөніндегі келісім режимдерін сақтау, Иран, Израиль және басқа да елдердің ядролық бағдарламасына қатысты проблемалар кешені төңірегінде әңгіме өрбітті.
Ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бас хатшысымен кездесуде Қазақстан Елбасы ұйымды одан әрі дамыту және оның Орталық Азия аймағындағы жобаларға қатысуы, оның ішінде Қазақстандағы алдағы парламент сайлауын бақылаушылар миссиясын құру тақырыптарын талқылады.
Н.Назарбаев Австрияның мемлекеттік қайраткерлерімен бүгін, 10-қыркүйекте келіссөздер жүргізіп, Австрия мен Қазақстан арасындағы маңызды құжаттарға қол қояды.
11-қыркүйек, сенбіде Қазақстан президенті Австрияның федералдық канцлері Вольфганг Шюссельмен бейресми ахуалда жүздеспекші.

Перейти к новостям спорта