Венесуэлада бортында итальян туристері бар ұшақ жоғалып кетті
Венесуэлада бір тәулік бойы итальян туристері бар ұшақ іздестірілуде, деп хабарлады Утро. ру. |
Ұшақтың бортында 6 адам болған, олардың 4-уі - жолаушылар. Мексикандық БАҚ хабарлағандай, жұма күні Каракас әуежайына бағыт алған жеңіл моторлы ұшақ радардан жоғалып кетті.
Ұшақ пен итальяндық туристер жөнінде ақпарат әзірге келіп түспеді. Расталған мәліметтерге қарағанда, әуе кемесінің бортында Missoni танымал сән үйі иесінің ұлы мен оның отбасы болған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін