Венгрия мемлекеттік операсының жұлдыздары «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Венгрия мемлекеттік операсының жұлдыздары «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетеді

Венгрия мемлекеттік операсының жұлдыздары «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетеді

Қазақстанның әйгілі балеринасы, Венгрияның мемлекеттік опералық театрының примасы Әлия Таныкпаева және Венгрия ұлттық балетінің этуалі, Венгрияның мемлекеттік операсының премьері Золтан Ола 1,2 сәуір күндері «Астана Опера» театрының негізгі сахнасында П.И.Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінде өнер көрсетеді.

  • 20 Наурыз 2015
  • 326
Фото - Caravan.kz


Әртістер елордалық театрдың төрінде қазақстандық труппамен өнер көрсетудің өздері үшін үлкен құрмет екенін атап өтті.
— «Аққу көлі» классикалық репертуарымыздағы сүйікті балеттеріміздің бірі. Сюжеті қызықтыратын таңғажайып ертегі әлемдік музыкалық классиканың нағыз феномені әрі жауһары атанды, — дейді өз ойларымен бөліскен венгриялық жұлдыздар.
Бүгінде аталған балеттің бірнеше редакциясы сахналанған, ал «Астана Опера» төрінде көрермен ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаеваның қойылымын тамашалайды. Ғажап декорациялар мен костюмдерді итальяндық шеберлер Эцио Фриджерио мен Франка Скуарчапино әзірлеген. 
Декорацияларда ең озық технологиялар қолданылды, атап айтқанда, ауыр конструкциялар санаулы секундтың ішінде көзден ғайып болып, қайта пайда болады. Ал көл суы тасып, көрермен залына тасып кететіндей сезілетін 3D әсерді тек «Астана Опера» сахнасынан ғана тамашалауға болады, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында. 

Перейти к новостям спорта