Венгрия президенті Қазақстан Елбасына сәлем жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Венгрия президенті Қазақстан Елбасына сәлем жолдады

Венгрия президенті Қазақстан Елбасына сәлем жолдады

Бүгін, 9-желтоқсанда Венгрия президентінің арнаулы өкілі, Венгрия СІМ-нің ТМД елдерімен ынтымақтастық жөніндегі департаментінің директоры Михай Байер Қазақстан парламентінің мәжілісінде болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Желтоқсан 2004
  • 440
Фото - Caravan.kz

Венгриялық елші парламент палатасының халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Әбдірахмановпен кездесті. «Елші екі республика арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуының 10 жылдық мерейтойына орай Венгрия президентінің Қазақстан Елбасы Нұрұслтан Назарбаевқа жолдаған сәлем-хатын жеткізу үшін әдейі келді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Екі ел халқы үшін мерейтойдың маңызын атап өткен елші Венгрия тарапынан Қазақстанның Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа интеграциялану процессіне қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Перейти к новостям спорта