Венгрия Қазақстанмен арадағы әуе қатынасын қайта жаңғыртудан мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Венгрия Қазақстанмен арадағы әуе қатынасын қайта жаңғыртудан мүдделі

Венгрия Қазақстанмен арадағы әуе қатынасын қайта жаңғыртудан мүдделі

"Венгрия Қазақстанмен арадағы әуе қатынасын қайта жаңғыртудан мүдделі". Бұл туралы бүгін, 29-маусымда Астанада Венгрия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Миклош Яцкович мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Маусым 2005
  • 411
Фото - Caravan.kz

М.Яцковичтің айтуынша, Венгриямен арадағы әуе қатынасы 2003-жылдың қазан айында тоқтап қалған. Оның айтуынша, «бұған дейін аптасына екі мәрте Алматы-Атырау-Будапешт бағытында тұрақты рейс ұшырылып тұрған». «Біз «Эйр Астана» компаниясы бұл бағытта өз рейсін ашады деп күткен едік, алайда үмітіміз ақталмады»,- деді ол.

Елшінің айтуынша, «екі ел арасында әуе қатынасының болмауы — туризм саласын дамытуға кедергі келтіруде». «Каспий аймағында көптеген венгрия азаматтары жұмыс істейді. Байланыстың жоқтығынан олар үйге айналма жолдармен қатынауға мәжбүр»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта