Венгрияда өткен күрестен әлем чемпионатында ОҚО-ның полицейлері 3 «қола» еншіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Венгрияда өткен күрестен әлем чемпионатында ОҚО-ның полицейлері 3 «қола» еншіледі

Венгрияда өткен күрестен әлем чемпионатында ОҚО-ның полицейлері 3 «қола» еншіледі

Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Венгрияда ардагерлер арасында күрестен өткен әлем чемпионатында 3 қола медальді еншіледі.

  • 5 Қазан 2012
  • 419
Фото - Caravan.kz

Медальдардың саны бойынша көшбасшы көптеген халықаралық сайыстардың чемпионы, полиция подполковнигі Асқар Жандаров болды. Ол Будапештте қатарынан 3 қола медальді жеңіп алды. Грек-рим күресінде «қола» үшін ақтық мәреде қазақстандық Венгрия өкілімен кездесіп, оны ұтты. Одан кейін еркін күрес бойынша Моңғолияның спортшысымен белдесіп, жеңіске қол жеткізді.

Тағы бір қола медальды көші-қон полициясының бұрынғы қызметкері, зейнеттегі Нұржан Асылбеков еншіледі. Түркістандық спортшы еркін күрестен 3-ші орын алды.