"Верный.KZ" ЖШС бұрынғы қызметкерлері компания құрылтайшысы Ақбиевтің әрекеттеріне өздерінің қатысы жоқ екендігін дәлелдеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Верный.KZ" ЖШС бұрынғы қызметкерлері компания құрылтайшысы Ақбиевтің әрекеттеріне өздерінің қатысы жоқ екендігін дәлелдеуде

"Верный.KZ" ЖШС бұрынғы қызметкерлері компания құрылтайшысы Ақбиевтің әрекеттеріне өздерінің қатысы жоқ екендігін дәлелдеуде

Алматы. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Верный.KZ" ЖШС бұрынғы қызметкерлері компания құрылтайшысы Жанат Ақбиевтің әрекеттеріне өздерінің қатысы жоқ екендігін дәлелдеуде. Бұл туралы олар кеше баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Тамыз 2008
  • 565
Фото - Caravan.kz

«Біз (оның ішінде мен де бармын) «Верный.KZ» компаниясының басшысы Жанат Ақбиевтің шешімдері мен бұйрықтарының техникалық атқарушылары ғана болдық. Мен басшы берген тапсырмалар мен міндеттерді орындамай алмадым», — деді «Верный.KZ» ЖШС бұрынғы директоры Майя Әбішева.

Оның айтуынша, олар ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың атына хат жолдаған. Онда олар «Верный.KZ» компаниясының үлескерлерінің байланысқан шырғалаңын шешуді өтінеді.

М. Әбішева, директордың құрылыс жөніндегі орынбасары Вячеслав Буцких, директордың риэлторлық жұмыс жөніндегі орынбасары Ләззат Есенова үлескерлер проблемасы шешілмей жатыр деп есептейді. «Ақбиев мырза қалыптасқан жағдайдың барлық жауапкершілігін күш құрылымдарындағы таныстары мен байланыстарын пайдалана отырып бұрынғы қызметкерлерге аударғысы келеді. Ақбиевтің өзі ешқандай жазаға тартылмайды», — деп жазылған хатта.

Компанияда 5 жыл жұмыс істеген бұрынғы директор М. Әбішеваның айтуынша, ода «Верный.KZ» ЖШС бұрынғы қызметкерлерінің компания құрылтайшысы Ақбиевтің іс-әрекеттеріне қатысы жоқ екендігін дәлелдейтін барлық құжаттар бар.

«Бізде бұл нысандардың барлығының салынып бітетіні жөнінде иненің жасуындай күдігіміз болған емес. Қалай болғанда да, біз олардың бітетініне үміт арттық. Сондықтан, үлескерлермен толық сеніммен сөйлесіп, осы нысандардың құрылысына жақындарымызды да, таныстарымызды да тарттық. Осы нысандарға ақша салған достарымыз өте көп. Сондықтан, біз үлескерлерді алдадық деу әбестік болар. Біз де сіздер секілді алданып қалдық», — деді директордың риэлторлық жұмыс жөніндегі орынбасары Л. Есенова.

Қорғаушы Сергей Уткиннің хабарлауынша, «Верный.KZ» компаниясы шамамен 1,5 миллиард теңге жинаған. «Осыншама ақшаның қазір қайда екені беймәлім. Бұл 200-ден астам үлескердің қаражаты», — деп атап көрсетті ол.

Баспасөз мәслихатында болған үлескерлердің өкілдері бұл әрекетті бұрынғы қызметкерлер жауапкершіліктен қашқақтауда деп бағалады. «Сенбеймін, бұл жай жақсы қойылым ғана. Адамдардың бірнеше жыл қатарынан бірге жұмыс істеп жүріп, қасында не болып, не қойып жатқанын білмеуі мүмкін емес», — деп ашуланды үлескер Гүлбахрам Терлікбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар