"Vertex" ААҚ Маңғыстау облысындағы "Астрахань карьері" кенішін таяу уақыттарда игере бастамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Vertex" ААҚ Маңғыстау облысындағы "Астрахань карьері" кенішін таяу уақыттарда игере бастамақшы

"Vertex" ААҚ Маңғыстау облысындағы "Астрахань карьері" кенішін таяу уақыттарда игере бастамақшы

Еліміздегі мұнай өндіруші компанияларға кең көлемді қызмет түрлерін ұсынатын Қазақстандық жетекші компаниялар тобы - "Алвер холдинг" ЖШС-нің құрамындағы "Vertex" ААҚ Маңғыстау облысындағы "Астрахань карьері" әктас кенішін таяу уақыттарда игере бастауды көздеп отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Алвер холдинг" ЖШС-нің директоры Жомарт Момынбаев хабарлады.

  • 11 Наурыз 2004
  • 645
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, аталмыш кеніш Маңғыстау облысындағы азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс саласына арнап қабырғалық материалдар мен қаптама тастың шикізат базасын құру үшін 1980-жылы барланған.

«Маңғыстау облыстық жер қойнауын пайдалану және оны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциядан» берген анықтамаға сәйкес, кеніштегі В+С1 категориялы пайдалы қазба қоры 7 млн. текше метрді құрайды.
Ж.Момынбаевтың айтуынша, кенішті игеру нәтижесінде алынатын дайын өнім Форт-Шевченко мен Баутино ауылындағы мұнай кеніштері мен жергілікті өнеркәсіптік нысандарды жайластыруға бағытталған құрылыс жұмыстарына пайдаланылады.
«Астрахань карьері» әктас кеніші Форт-Шевченко қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 2 шақырымда, Каспий теңізінен 3,2 шақырымда орналасқан.
Компания еліміздің мұнайгаз секторына қызмет көрсету үшін 1995-жылы құрылған.

Соңғы жаңалықтар