Вьетнам Қазақстандағы әуежайды сатып алуды жоспарлап отыр – Жұманғарин - kaz.caravan.kz
  • $ 522.49
  • 601.07
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вьетнам Қазақстандағы әуежайды сатып алуды жоспарлап отыр – Жұманғарин

Вьетнам Қазақстандағы әуежайды сатып алуды жоспарлап отыр – Жұманғарин

Вьетнам Қазақстандағы бір әуежайды сатып алуды немесе сенімгерлік басқаруға алуды көздеп отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді

  • 6 Мамыр
  • 6
ФОТО: baq.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Вьетнамдық Savico Group компаниясы біздегі Qazaq Air әуе компаниясын сатып алды, енді осында жұмысын дамытпақ. Жуырда компания өкілі елге келіп, мен онымен кездестім. Ол әуежай сатып алуды немесе сенімгерлік басқаруға алуды қарастырып жатыр. Өйткені әуе компаниясы үшін базалық әуежайдың болуы – міндетті шарт, – деді министр.

Серік Жұманғарин Savico Group компаниясының жылдам дамып келе жатқанын және халықаралық әуе компанияларымен жақсы келісімшарттары бар екенін атап өтті. Министрдің айтуынша, Вьетнамнан үйренетін нәрселер көп.

2023 жылы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы шамамен 1 миллиард долларға жеткен, алайда кейін объективті себептерге байланысты аздап төмендеген. Дегенмен, 2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 879 миллион доллар деңгейінде аяқталғанын айтты министр.

Сондай-ақ Жұманғарин Қазақстанда ең танымал вьетнамдық компания ретінде тез дайындалатын кеспе (лапша) өндірушісі – Mareven Food Holdings Ltd компаниясын атады. Бұл компания Роллтон және Бигбон сауда маркаларымен танымал.

Бұл – шамамен 90 миллион доллар инвестиция, 670-ке жуық адам жұмыс істейді. Компания өндірісін кеңейтіп, қазір сусын шығаратын зауыттың үшінші кезеңін салып жатыр. Біз оны қолдап отырмыз. Жалпы, вьетнамдық және қазақстандық кәсіпкерлер арасындағы байланыс белсенді дамуда. Бұл ең алдымен туризммен байланысты, себебі туризм өзімен бірге өзге де іскерлік белсенділікті алып келеді, – деді Жұманғарин.

Перейти к новостям спорта