Вьетнам президенті айтқан генерал Жансен Кереев туралы не белгілі? - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вьетнам президенті айтқан генерал Жансен Кереев туралы не белгілі?

Вьетнам президенті айтқан генерал Жансен Кереев туралы не белгілі?

Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, Қазақ халқына алғыс білдірді.

  • 6 Мамыр
  • 77
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

”Қазақстан ертеректе еліміздегі ұлт-азаттық күреске көмек көрсетті, қазіргі кезде де бізді жан-жақты қолдап келеді. Сол үшін Вьетнам халқы мен партиясы сіздерге дән риза», – деді Лам.

Жансен Кереев – Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында 1930 жылы дүниеге келген. Ол Фрунзе атындағы әскери академияны және Генштаб академиясын алтын медальмен тәмамдаған. Қызмет барысында Германиядағы Кеңес әскерлерінің элиталық бөлімдерін басқарған және Приволжск әскери округінде жоғары лауазымдар атқарған . 

1982 жылы Жансен Кереев Вьетнам халық армиясы штабының аға кеңесшісі ретінде іссапарға жіберіліп, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға және Қарулы күштерін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Оның бұл еңбегі Вьетнамның ең жоғары әскери наградасы – Қызыл ту орденімен марапатталды.

1983 жылы қайтыс болғаннан кейін, Жансен Кереев Алматыда Бауыржан Момышұлының қасына жерленді. Оның құрметіне Ақтөбе облысы, Темір ауданында ескерткіш мүсіні орнатылып, туған ауылында мектепке есімі берілді .

Перейти к новостям спорта