Жарияланды: 450

Вьетнам Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әлеуетін пайдалануға мүдделі

	
Вьетнам Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әлеуетін пайдалануға мүдделі

Біз Қазақстандағы ірі компаниялардың Вьетнамдағы мұнай-газ кендерін барлау және өндіру жұмысына қатысуларын қолдаймыз. Бүгін журналистермен кездескен Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Ву Тхе Хиеп осылай айтты.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Вьетнам экономикасындағы қазақстандық компаниялардың саны аз болса да, олардың табысты жұмыстарын ерекше атап өткен жөн. «Мәселен, қазақстандықтардың қатысуымен Вьетнамда цемент зауыты ашылып, тұрғын-үйлердің құрылысы жүргізіліп келеді. Қазіргі кезде біз Вьетнамның геграфиялық жағдайын ескере отырып, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әлеуетін пайдалануға мүдделі болып отырмыз. Себебі Қазақстанда осы саладағы ірі компаниялар бар. Біз осы компаниялардың Вьетнамдағы мұнай-газ кендерін барлау және өндіру жұмысына қатысуларын қолдаймыз», - дейді елші Ву Тхе Хиеп.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін