Вьетнам Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әлеуетін пайдалануға мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
Вьетнам Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әлеуетін пайдалануға мүдделі

Вьетнам Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әлеуетін пайдалануға мүдделі

Біз Қазақстандағы ірі компаниялардың Вьетнамдағы мұнай-газ кендерін барлау және өндіру жұмысына қатысуларын қолдаймыз. Бүгін журналистермен кездескен Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Ву Тхе Хиеп осылай айтты.

  • 14 Шiлде 2011
  • 437
Фото - Caravan.kz


Оның айтуынша, бүгінгі таңда Вьетнам экономикасындағы қазақстандық компаниялардың саны аз болса да, олардың табысты жұмыстарын ерекше атап өткен жөн. «Мәселен, қазақстандықтардың қатысуымен Вьетнамда цемент зауыты ашылып, тұрғын-үйлердің құрылысы жүргізіліп келеді. Қазіргі кезде біз Вьетнамның геграфиялық жағдайын ескере отырып, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әлеуетін пайдалануға мүдделі болып отырмыз. Себебі Қазақстанда осы саладағы ірі компаниялар бар. Біз осы компаниялардың Вьетнамдағы мұнай-газ кендерін барлау және өндіру жұмысына қатысуларын қолдаймыз», — дейді елші Ву Тхе Хиеп.

Соңғы жаңалықтар