Вьетнамда екі ұшақ соқтығысып, төрт ұшқыш шеттетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 531.96
  • 622.45
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вьетнамда екі ұшақ соқтығысып, төрт ұшқыш шеттетілді

Вьетнамда екі ұшақ соқтығысып, төрт ұшқыш шеттетілді

Vietnam Airlines компаниясы Нойбай халықаралық әуежайында екі ұшақтың соқтығысуына байланысты төрт ұшқышты уақытша рейстерден шеттетті.

  • 29 Маусым
  • 10
Фото: adyrna.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Адырна«-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Báo Dân trí басылымының жазуынша, оқиға 27 маусым күні сағат 14:23-те Нойбай әуежайының S және S3 рулеж жолдарының қиылысында болған. Airbus A321 ұшағы VN1804 рейсімен Ханойдан Дьенбьенге бағыт алуға дайындалып, ұшу жолағында күтіп тұрған. Сол сәтте Boeing 787 ұшағы VN7205 рейсімен Ханойдан Хошиминге бет алған. Рулеж кезінде Boeing 787 ұшағының оң қанаты Airbus A321 ұшағының тік құйрығына соғылған.

Оқиға салдарынан екі ұшақ та зақымданып, ұшақ бөлшектерінің қалдықтары жерге шашылған. 386 жолаушы қауіпсіз жерге жеткізілді. 

Әуежай әкімшілігі ұшақтарды қауіпсіз аймаққа сүйреп апарып, жолақты тазалау жұмыстарын жүргізді.

Vietnam Airlines аталған оқиғаға байланысты Boeing 787 және Airbus A321 ұшақтарын басқарған төрт ұшқышты уақытша рейстерден шеттетті. Ұшқыштар тергеу аяқталғанша ұшуға жіберілмейді.

Компания оқиғаның себептерін анықтау үшін тәуелсіз тергеу тобын құрды. Ол Вьетнамның Азаматтық авиация басқармасымен бірлесіп жұмыс істеуде. Әуе компаниясы мен авиациялық органдар мәселенің мән-жайын анықтап жатыр.

Нойбай халықаралық әуежайының хабарлауынша, оқиға болған сәтте ауа райы қолайлы болған.