Вице-премьер Е.Орынбаев БҰҰ-ның 2015 жылдан кейінгі күнтәртібін қалыптастыру жөніндегі кеңес өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вице-премьер Е.Орынбаев БҰҰ-ның 2015 жылдан кейінгі күнтәртібін қалыптастыру жөніндегі кеңес өткізді

Вице-премьер Е.Орынбаев БҰҰ-ның 2015 жылдан кейінгі күнтәртібін қалыптастыру жөніндегі кеңес өткізді

Астанада Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаевтың төрағалығымен БҰҰ-ның 2015 жылдан кейінгі жаһандық даму саласындағы күнтәртібін қалыптастыру мақсатында ұлттық консультациялар өткізу жөніндегі үйлестіру комитетінің бірінші отырысы өтті.

  • 21 Желтоқсан 2012
  • 324
Фото - Caravan.kz

Шараға мемлекеттік органдар мен агенттіктердің, БҰҰ-ның Қазақстандағы жүйесінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР Премер-Министрінің баспасөз қызметі.

БҰҰ шешімен, Қазақстан осындай консультациялар өткізетін 50 елдің бірі ретінде таңдалып отыр. Бұл консультациялардың негізгі мақсаты — 2000 жылы БҰҰ-ның Мыңжылдық саммитінде қабылданған мыңжылдықты дамытудың мақсаттарын орындау жөніндегі ұсыныс-кеңестерді әзірлеу болып табылады.

Ұсыныс-кеңестер «Рио+20» және ұлттық басымдықтарды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылдарды тереңдетудің әдістері ретінде қаралады.

Ұлттық консультациялардың қорытындылары жинақталып, БҰҰ-ның Даму мәселелері жөніндегі тобының жаһандық есебіне кіргізіледі және ол құжат 2013 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясында қаралады.

Е.Орынбаев отырыс қорытындысы бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдарға консультациялардың тақырыптарын анықтауды және БҰҰ қарауына ұсыну үшін «Қазақстан-2050» стратегиясын ескере отырып ұсыныс-кеңестердің жобаларын әзірлеуді міндеттеді.