Вице-премьер Есімовтың пайымдауынша, Қытайдың қарқынды дамуынан Қазақстан да пайда көруге тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вице-премьер Есімовтың пайымдауынша, Қытайдың қарқынды дамуынан Қазақстан да пайда көруге тиіс

Вице-премьер Есімовтың пайымдауынша, Қытайдың қарқынды дамуынан Қазақстан да пайда көруге тиіс

"Қытайдың қарқынды дамуынан Қазақстан өзіндік пайда көруге тиіс". Бүгін, 15-шілдеде Астанада қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлердің қатысуымен өтіп жатқан бизнес-форумда вице-премьер Ахметжан Есімов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Шiлде 2005
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Импорттық сыйымдылығы жылына 560 млрд. долларды құрайтын Қытай шетелдік инвесторлар үшін айрықша тартымды рынок болып табылады»,- деді А.Есімов. Вице-премьер осы орайда қазақстан-қытай тауар айналымының көлемі соңғы үш жылда 3,5 есе өсіп, 4,5 млрд. долларға жеткенін атап өтті. «Биыл бұл сан президент белгілеген меже — 5 млрд. доллардан асуы мүмкін»,- деді ол.

«Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың келешегі зор әрі олар бір-бірін толықтыра түседі»,- деп атап өткен вице-премьер ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның жуырдағы сапары барысында маңызды шешімдер қабылданып, «екі жақты қарым-қатынасқа берік негіз қалайтын маңызды құжаттарға қол қойылғанын» айтты.

Перейти к новостям спорта