Вице-премьер Мыңбаевтың пайымдауынша, үкімет PetroKazakhstan компаниясының активтерін сатуға тыйым сала алмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вице-премьер Мыңбаевтың пайымдауынша, үкімет PetroKazakhstan компаниясының активтерін сатуға тыйым сала  алмайды

Вице-премьер Мыңбаевтың пайымдауынша, үкімет PetroKazakhstan компаниясының активтерін сатуға тыйым сала алмайды

Үкімет PetroKazakhstan компаниясының активтерін сатуға тыйым сала алмайды. Бұл туралы бүгін, 15-қыркүйекте ҚР үкімет басшысының орынбасары - индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев Астанада журналистер сауалына жауап ретінде мәлімдеді.

  • 15 Қыркүйек 2005
  • 499
Фото - Caravan.kz

«Бұл саудаға тыйым салу өте қиын. Өйткені, компанияны сатқалы отырған үкімет емес, акционерлер»,- деді вице-премьер.
Дегенмен, С.Мыңбаевтың айтуынша, заңға сәйкес, үкімет акциялар қоржынынан үлес сатып алуға талпына алады. Дегенмен, «компания тиын-тебенге сатылғалы отырған жоқ», деді ол.
Журналистер сауалына жауап берген С.Мыңбаев үкіметтің PetroKazakhstan компаниясының акцияларын сатып алу ниетінен хабарсыз екенін жеткізді. «Мен бұл жерде министрлер кабинетінің құқықтық мүмкіндіктері туралы гипотез түрінде айтып отырмын. Ал үкімет іс жүзінде сатып ала ма, жоқ па ол жағын білмеймін»,- деді С.Мыңбаев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник 29-маусымда Лондонда өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстанның PetroKazakhstan Inc. компаниясының активтерін сатуға шектеу қою құқығы бар», деп мәлімдеген болатын. «Қазақстанда жұмыс істейтін кез-келген компания өз акциясын басқа компанияға сататын болса, ол үшін бірінші кезекте Қазақстан үкіметінен рұқсат алуға тиіс. Өйткені, барлық табиғи ресурстар мемлекеттің иелігінде»,- деді министр.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта