Вице-премьердің Қазақстан ЕО-мен ДСҰ мүшесі ретінде келіссөз жүргізетіні туралы мәлімдемесі түсінбеушілік тудырады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вице-премьердің Қазақстан ЕО-мен ДСҰ мүшесі ретінде келіссөз жүргізетіні туралы мәлімдемесі түсінбеушілік тудырады

Вице-премьердің Қазақстан ЕО-мен ДСҰ мүшесі ретінде келіссөз жүргізетіні туралы мәлімдемесі түсінбеушілік тудырады

ҚР вице-премьері Ербол Орынбаевтың Қазақстан 2011 жылдың күзінде Еуропа одағымен жаңа келісімнің сауда-экономикалық блогы бойынша келіссөзді ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) ретінде жүргізу ниетінде деген мәлімдемесі түсінбеушілік тудырады, деп мәлім етті экономика ғылымдарының докторы Болат Құсайынов.

  • 30 Маусым 2011
  • 661
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан үшін Еуропа одағымен жаңа келісімді әзірлеп, қол қою аса маңызды міндет екені күмәнсіз. Бірақ вице-премьер Е. Орынбаевтың біз келіссөздерді «ДСҰ мүшесі ретінде» жүргізетініміз туралы мәлімдемесі түсінбеушілік тудырады!» — дейді экономист бейсенбі күні ҚазТАГ-тың шенеуніктің мәлімдемесіне қатысты пікір білдіру туралы өтінішіне жауап бере отырып.

Маманның пікірінше, қазіргі уақытта Еуроодақпен, АҚШ-пен және басқа да контрәріптестермен келіссөздер әлі аяқталған жоқ.

«Олар, бірінші кезекте, ЕО мен АҚШ бізді көп нәрсеге көндіруге тырысады. Мұндай мәлімдеме біздің Еуроодақ талап етуі мүмкін қосымша талаптарды алдын ала қабылдап отырғанымызды ғана білдіреді. Ал бұл процесс «ДСҰ-ПЛЮС»деп аталады», — деп есептейдіБ. Құсайынов.

Бұл орайда сарапшы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Петербордағы экономикалық форумда айтқан сөздеріне назар аударды. «Жаһандық экономикадағы қазіргі жағдайда ескере отырып, Кеден одағының елдері ДСҰ-ның базалық келісімдерінің шарттарын ғана ұстанып, оның аясынан шығатын «ДСҰ-ПЛЮС»-қа жол бермеу қажет», -деді президент форумда.

Барлық контрәріптес-мемлекеттермен тауарлар мен қызметтер бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылғаннан кейін ғана жұмыс тобының баяндамасы жасалады. Оны ел парламенті ратификациялаған соң ғана Қазақстан ДСҰ мүшесі атану мүмкіндігіне ие бола алады, деп есептейді сарапшы

Б. Құсайыновтың пікірінше, «жоғары лауазымды шенеуніктің (Е. Орынбаев — ҚазТАГ) осындай біліксіз мәлімдемелері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына пайда әкелмейді».

Еске сала кетейік, өткен сейсенбі күні ҚР СІМ баспасөз қызметі Е. Орынбаевтың Брюссельде «ҚР — ЕО» ынтымақтастық кеңесінің 12-ші отырысында айтқан: «Жаңа келісімнің сауда-экономикалық блогы бойынша келіссөздері биыл күзде және Қазақстан ДСҰ мүшесі ретінде жүргізілетінін ескереміз» деген сөздерін жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар