Вице-спикер бастаған сенаторлар Атырауда кездесулер өткізді
Бүгін Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов бастаған Сенат пен Мәжіліс депутаттарының Атырау облысына жасаған сапары барысында «Нұр Отан» ХДП активімен кездесу болды. |
Кездесуге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қ.Ищанов экономиканы дамыту, әлеуметтік саланы нығайту, аймақтық инфрақұрылымдарды көркейтудегі Атырау облысының әлеуетін атап өтті. Депутаттар Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламалық құжатында белгіленген міндеттерді іске асырудағы Парламенттің заң шығару қызметінің бағыттары туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, әлеуметтік, экономикалық және саяси саладағы ауқымды жаңғырту бағдарламаларын құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.
Кездесуге сенаторлар Ғарифолла Есім, Әділ Ахметов, Сәрсенбай Еңсегенов те қатысты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін